Оның хабарлауынша, 2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 100-ден аса елді мекендерде 6 млрд 828 млн теңгеге 943 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1303 жұмыс орны ашылды.
«Облысымызда экономиканың барлық саласында 2022-2024 жылдары 133 мыңнан астам азамат, ал 2025 жылдың 11 айында 43 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы өңірімізде 2022-2024 жылдары 42%-ға артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. 2025 жылдың 11 айында 12 мыңнан аса жұмыс орындары құрылып, биылғы жоспар 12,9%-ға артығымен орындалды. Жалпы жұмыссыздық көрсеткіші жыл сайын төмендеуде», – деді спикер.
Облыстағы негізі саласы – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға соңғы 3 жылда 43 млрд теңге қаржы бөлінді. Шаруашылықтар есебінен 41 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығының машина-трактор паркі жаңартылуда. 2022-2024 жылдары 21 млрд 800 млн теңгеге 647 дана техника алынды. Осы жылы 4 млрд 700 млн теңгеге машина-трактор паркі 139 ауыл шаруашылығы техникаларымен толықтырылды.
Биыл сала бойынша 10 млрд 700 млн теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі жыл сайын артып, осы жылы 234 млрд 800 млн теңгеге жетті. Қазіргі таңда 6 млрд 400 млн теңге болатын 9 жоба іске қосылды.
Су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, су жүйелерін цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Биыл диқандар күріш егістіктерінің 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізіп, өнімділікті 30%-ға арттырды.
Өңірдің өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына алдағы 3 жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Келесі жылға 10 млрд теңге қарастырылды. Биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 8 мың 100 гектарға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артты.
Облыстың 3 ауданында шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы жүгері, жоңышқа дақылдарын егу бойынша 3 ірі жоба жүзеге асуда. Өңірде биыл 189 мың 600 гектарға егін егілді. Оның ішінде 80 мың 900 гектарға күріш дақылы егілді. Бүгінде әр гектардан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды.