Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Орталық өңірді қажетті электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Бұл мақсатқа 26 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді.
«2022-2024 жылдары өңірімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 78 ауылда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған 31 млрд 600 млн теңгеге 343 жоба жүзеге асырылды. 2025 жылы 41 елді мекенде 66 жобаны іске асыруға 15 млрд 155 млн теңге бөлінді. Биыл барлық елді мекен 100% орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Аймағымызда 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67% болатын. 2022-2025 жылдар аралығында 65 млрд 100 млн теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды. Биыл облысымызда газдандыру көрсеткіші 83%-ға жетті. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 2022-2025 жылдары 24 млрд 200 млн теңгеге 71 жоба жүзеге асырылды», – деді өңір басшысы.
2022-2025 жылдары 1600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелдерін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қызылорда қаласындағы 270 көше қайта жаңғыртылды. Оның ішінде, биыл жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен барлығы 50 млрд 605 млн теңге бөлініп, ұзындығы 329 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-дан асты.
Жақында ғана Қызылорда-Жезқазған автомобиль жолының облыс аумағындағы 216 шақырымы қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілді. Арал қаласында 3 млрд 140 млн теңгеге ұзындығы 940 метр болатын аспалы көпір салынды. 1 млрд 400 млн теңгеге тұрғындардың ұзақ жыл күткен Жаңақорған кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.
4 млрд 700 млн теңгеге Қызылорда қаласындағы теміржол асты автожол құрылысы қарқынды жүруде. Алдағы наурыз айында пайдалануға беріледі. Қармақшы ауданында 5 млрд 515 млн теңгеге темір жол арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады. Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы автомобиль жолын 4 жолақтыға ауыстыру бойынша демеушілер есебінен 350 млн теңгеге жоба әзірленді. Қала маңындағы айналма жол салу жұмыстары алдағы қаңтар айында басталады. Екінші бөлігі – Ақтөбе шекарасына дейінгі 462 шақырымның техникалық экономикалық негіздемесі әзірленді. Жоба құны – 832 млрд 812 млн теңге. «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 559 шақырымды құрайды. Оның 189 шақырымы Арал ауданының бірқатар ауылы арқылы өтетіндіктен өңірдің ең шеткі елді мекендерінің жол қатынасы жақсаратын болады.