«Биыл Қызылорданың кезінде астана болғанына 100 жыл толды. Атаулы датаға орай 2 млрд 300 млн теңгеге облыстық Тарихи-өлкетану музейінің заманауи жаңа ғимараты ашылды. Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен 3 млрд 800 млн теңгеге жаңа «Достық үйі» салынды. Мәдениет саласының өкілдеріне жаңадан көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер табысталды. Жаңадан симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары құрылды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің отауы – Жыраулар үйі ашылды», – деді әкім
Аймақта тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтерді. Қызылорда қаласында жаңа стадион салынды. УЕФА-ның 4-ші санатты сертификатын алған 11 мың орындық заманауи нысанда – ірі көлемдегі спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Жаңа стадион 4 қазан күні футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды.
Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын, 20 млрд 500 млн теңгеге көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.«Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп Қызылорда қаласында 3 млрд 400 млн теңгеге «Теннис орталығы» ашылды. «Қазақстан Халқына» қорының қолдауымен 2 ауданда жаңа спорт кешендері салынды. Бұдан бөлек, 2 млрд 900 млн теңгеге Қызылорда қаласында мүгедектігі бар жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Жаңа ғимарат жақын күндері ел игілігіне табысталады. Жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен 1 млрд 600 млн теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 спорт кешені бой көтеруде.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аймақта көркейту-көгалдандыру, елді мекендерде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл 6 млрд 300 млн теңгеге қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. 1 млрд 64 млн теңгеге Қорқыт Ата мемориалды аллеясы ашылып, жұмыс жасауда. Қызылорда қаласында 15 млрд теңгеге Президент саябағы қайта жаңғыртудан өтті.