Оның айтуынша, жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Қостанай жастары» бағдарламасына үш жыл ішінде (2022–2024) 4,9 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 344 жас отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды.
«Астана» жаңа шағын ауданында 176 га аумақта 154 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл шамамен 60 мың адамға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 10 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тағы 13 үйдің құрылысы басталды», – деді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар өңір басшысы ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 80,4% болған. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізілді. Бұдан бөлек, облыста «Үйге су» атты өңірлік жоба жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда ауыз су жеткізілген үйлер саны 63 мыңға жетті. Жалпы ауылдық жерлерде 80,6 мың аула бар.