Оның айтуынша, құжат өңірді дамытудың басым салалық міндеттерін жедел шешуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

«Арқалық қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба – әуежай құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні терминал ғимараты салынуда, инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Жобаны 2026 жылғы шілдеде айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында «Орталық – Батыс» бағыты бойынша өтетін маңызы жоғары көлік дәлізінің құрылысына ресми старт берілді. Жаңа бағыт жолды 549 шақырым қысқартады», – деді әкім.

Тағы да маңызды жол Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тікелей шығуды қамтамасыз ететін «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу бойынша жұмыстар келесі жылы бітеді.