Облыстық ауруханада «Диабеттік табан» орталығы ашылып, эндоскопиямен жабдықталған реанимация бөлімі іске қосылды. Мақажанов атындағы клиника үшін Remebot RM-200 нейрохирургиялық роботы сатып алынды. МСАК ұйымдарында үздік практикалардың 6 орталығы ашылды.

Өңірге 137 жас дәрігер келді, оның ішінде 61 маман ауылдық жерлерге жіберілді. 14 дәрігер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 30 дәрігер шетелде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Алты ірі стационардың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.