«Министрлік артық бюрократияны болдырмайтын, заңнаманың заманауи, тұрақты және бейімделгіш моделін қалыптастыруға арналған тәсілдерді әзірледі. Олар жеделдік пен басқару дербестігіне басымдық бере отырып, құқықтық реттеу деңгейлерін ажыратудың нақты өлшемдерін қамтиды», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Норма шығару процесіне қандай жаңалықтар енгізілуде:

  • «пакеттік қағидат» енгізілді: енді заңға тәуелді актілер нормалар бірден жұмыс істей бастауы үшін заңдармен бір мезгілде әзірленеді;
  • артық регламенттеу алынып тасталды: дебюрократизация аясында 25 заң қабылданды, реттеу деңгейлері қайта қаралды;
  • салалық мониторингке көшу: енді тек бір құжат қана емес, бүкіл заңнама саласының жай-күйі мен тұрақтылығы талданады;
  • ғылыми сүйемелдеу күшейтілді – Заңнама институты қазір барлық сараптамалар мен заңдардың тиімділігін талдауға жауап береді;
  • жасанды интеллект енгізілуде – арнайы ЖИ-агент идеядан мониторингке дейінгі бүкіл циклды сүйемелдейді.