Ұлттық ұлан – күн сайын заңның сақталуын, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар. Олардың батылдығы, ерлігі және қызметтегі жауапкершілігі шынайы құрметке лайық. Қызметтері қауіп-қатермен байланысты болса да, олар еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілейміз!