Бұл еліміздің көлік жүйесіндегі маңызды салалардың бірі. Қазіргі таңда азаматтық авиация саласында 25 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олар өңірлер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, Қазақстанның халықаралық авиациялық кеңістікке интеграциялануына үлес қосып келеді. Ұшқыштардың, диспетчерлердің, инженерлердің, техникалық және жердегі қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі – жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығының, саланың тұрақты дамуының негізі.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!