«Преамбуланы ашып қарайтын болсақ, мұндағы ең басты сөздер бұрынғы Конституцияда «Біз мемлекетті қалыптастырып» деп жазылды. Ал, қазір ол «Мемлекеттілігімізді әрі қарай нығайтып» деп өзгертілмек. Одан кейін «Мың жылдық тарихы бар ұлы дала жері» деген сөздер қосылды, яғни бұл мемлекетіміз енді ғана пайда болып емес, ұзақ жылдар бойы, тарихы, мәдениеті, өзінің ұстанымдары бар мемлекетті қалыптастырып жатқанымызды білдіреді. Сондай-ақ негізгі стратегиялық бағыттар айқындалды. Ол стратегиялық бағыттардың қатарында тек қана мемлекеттің тұрған аумағы, жер байлығы ғана емес, ғылым, білім, инновация, адам капиталы, мәдениет сынды ұғымдар негізгі стратегиялық бағыттар болып айқындалып жатыр. Яғни, бұл Конституция мемлекетке емес, адамға бағытталады», – деді спикер.