Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, олар –  Chery, Haval, Changan брендтері бар Алматыдағы мультибренд зауыты және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты.

«Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Саран қаласында «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналары шығарылуда. Қостанайдағы «KamLitKZ» зауытында шойын құятын заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланатын шойын құю өндірісі іске қосылды.

Сонымен қатар «Allur» компаниясы автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығының құрылысына кірісті.

Одан бөлек алдағы үш жылда ­– жылыту және кондиционерлеу жүйелері, тежегіш, салон мен еденге арналған пластикалық бөлшектер сияқты  автокомпоненттерді локализациялау бойынша жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған.