Бұл – қарқынды дамып келе жатқан финтек және цифрлық төлем жүйелері жағдайында жастардың фишинг, кибералаяқтық және несие өнімдерін саналы пайдаланбау тәуекеліне жиі ұшырауына әкелетін маңызды фактор. Салдарынан жастардың несие тарихы бұзылып, олар жеңіл ақша табу мақсатында лудомания, дропперлік және басқа да теріс жолдарға түсіп жатыр. Бұл жастарға арналған қолданбалы түсінікті және қолжетімді форматта қаржылық және цифрлық оқытудың өзектілігін айқындайды.

Оның айтуынша, осы қажеттілікке жауап ретінде IT-Aiel / AqylTech жобалары іске қосылды. 

«Аталған бастама 2025 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске қосылды. Жобаның негізі мақсаты – Қазақстанның барлық өңіріндегі жастардың қаржылық сауаттылығын артыру және құзыреттерні дамыту арқылы олардың экономикалық дербестігін күшейту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Оқу бағдарламалары қаржылық жоспарлау мен жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және дербес деректерді қорғау дағдыларын меңгеруге, электрондық коммерция негіздерін түсінуге, ЖИ құралдарын тұрмыста да, жұмыста да тиімді қолдануға бағытталған», – деді спикер. 

2025 жылы AqylTech және IT-Aiel жобалары 11 000-нан астам адамды онлайн және офлайн форматта қамтыды. Биыл бағдарламалар мазмұны өзгертіліп, өзекті тақырыптармен толықтырылды. Жалдамалы жұмыстан кәсіпкерлікке, кәсіби құндылықты түсіну және монетизациялау, жеке брендті дұрыс бастау, өмірді тиімді жоспарлау сынды практикалық бағыттар күшейтіледі.