«Біздің Қазақстанға келгенімізге үшінші күн болды. Бүгін таңертең бақылау жұмысымызды бастап, бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Соның алғашқысы – №128 учаске. Біз учаскенің ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтті. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әсеріміз жақсы», – деді Зияфет Аббас Оглу Аскеров.

Оның айтуынша, сайлаушылардың көңіл күйі жақсы. Халықаралық байқаушылар олармен әңгімелесуге де мүмкіндік алған.