«Бұл реформаны ұзақ мерзімді саралы саясаттың нәтижесі деп білемін. Себебі статистикалық тұрғыда осындай референдумдарға, сайлауларға ұйытқы болатын түрлі зерттеу жүргіземіз. Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі қызметкерлердің жұмысын егжей-тегжейлі байқаймыз. Азаматтық қоғамның белсенділігіне, БАҚ өкілдерінің жұмысына да ерекше назар аударамыз. Біздің команда қалалар мен елді мекендерді аралап, дауыс беру учаскелерін көріп қайтты. Бақылау жұмысы аясында азаматтық қоғам ғана емес, үкіметтік, үкіметтік емес ұйым өкілдері де атсалысып, өз үлесін қосып жатқанын көрдік. Халықтың дауыс беруге қатысу деңгейіне таң қалдық. Адамдар белсенділік танытты», – деді сарапшы.