«Әзірге басқа деректер тіркелмеді. Прокуратураға 2 өтініш түсті. Олар бойынша заңға түсініктеме берілді. Сотқа Ақтөбе қаласында референдум комиссиясының шешіміне қатысты бір арыз түсті. Ол қаралуда», – деді спикер.
Ал, полиция қызметі референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. ІІМ дауыс беру аяқталғаннан кейін де қоғамдық тәртіпті қадағалауды жалғастырады. ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев онлайн-марафонда осылай деді.
Оның мәлімдеуінше, ішкі істер органдары алға қойған міндеттерді толық орындады.
«Комиссиялардың, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз таңдауын еркін түрде жасауына барлық жағдай жасалды. 10 мыңнан астам учаскеде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Қазір учаскелерде дауыс санау жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай тұрақты және полицияның бақылауында. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды өңірлік комиссияларға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді», – деді Ш.Әлекешев.