Сауалнама 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалаларда, 71-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Жалпы зерттеуге 30 мың респондент қатысты. Сауалнама арнайы дайындықтан өткен интервьюерлер тарапынан face-to-face (бетпе-бет) әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінің қателік шегі 1%-дан аспайды. Күні бойы 7 сауалнама жүргізілген.

Учаскеден шыққан респонденттерге: «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қандай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды.

Экзитпол нәтижелері бойынша респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.