Оның айтуынша, былтыр 582 су өткізгіш құбыр орнатылды, оның ішінде 162-сі қайта жаңарту аясында, 54-і күрделі жөндеу кезінде және 366-сы орташа жөндеу жұмыстары барысында жүзеге асырылды. Биыл 201 су өткізгіш құбыры салынады.

«Сонымен қатар бес көпірге күрделі жөндеу жүргізілді: оның төртеуі Шығыс Қазақстан облысында және біреуі Қостанай облысында. Биыл Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы 2 көпірді күрделі жөндеу аяқталады. Қазіргі таңда су тасқынына қарсы іс-шаралар бекітіліп, орталық және өңірлік деңгейлерде комиссиялар құрылды, жол қызметтері тәулік бойы кезекшілікпен күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Ең қауіпті учаскелерде баламалы бағыттар әзірленді», – деді спикер.

Су өткізгіш құбырларын тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, бүгінде олардың 15 мыңнан астамы тазартылып, жалпы санының шамамен 97%-н құрады. Ең алдымен республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша су тасқыны кезеңіне дейін 86 мың текше метрден астам инертті материалдар дайындалды. Оның ішінде 16 мың текше метр құм, 23 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы, 40 мың текше метр тас және 5 мың текше метр қиыршық тас. Сонымен қатар 280 мың қап қоры әзірленді. Су тасқыны кезінде жедел әрекет ету үшін 2 мыңнан астам техника бірлігі дайындалды.

Жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 70 мың шақырымды құрайды. Атап айтқанда, жергілікті жолдарда 1 964 көпір мен 30 мыңнан астам су өткізгіш құбыр орналасқан. Шамамен 280 қауіпті учаске ерекше бақылауға алынды.

Су тасқынына дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар 50 мың текше метрден астам құм, 30 мың текше метрден астам топырақ, 115 мың текше метрден астам құм-қиыршық тас қоспасы мен 25 мың текше метр қиыршық тас дайындады. Сонымен қатар 400 мыңнан астам қап әзірленді.