Оның айтуынша, өндіріп алушылардың пайдасына өтелген сома 557,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 88,6 млрд теңгеге жоғары.

«Мемлекет кірісіне 63,4 млрд теңге өндірілді, бұл көрсеткіштен 10%-ға өсім көрсетті. Мемлекеттік сот орындаушыларымен мемлекет пайдасына 3,4 млрд теңге көлемінде атқарушылық санкция өндірілді, бұл көрсеткішінен 30%-ға өсті. Цифрлық сот орындаушысы оңайлатылған іс жүргізу арқылы 10 млрд-қа жуық теңге өндірілді», – деді спикер.

Оңайлатылған өндіріс шеңберінде жеке сот орындаушысының қызметіне 25% төлем төленбейтінін ескергенде азаматтар шамамен 2,4 млрд теңге көлемінде өз қаражаттарын үнемдеді.

Әлеуметтік маңызы бар істер санаты бойынша мәжбүрлеп орындату жұмыстары ерекше бақылауда. 2025 жылы мәжбүрлеп орындауда 354 мыңнан астам алиментті өндіру құжаттары болды, оның 60 мыңға жуығы орындалды. Проблемалық алимент төлемдерінің саны 12,7 мың немесе 4% болып танылды, олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгені құрайды. Көп жағдайда алимент борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан өндіріледі. Айта кетерлігі, қарыздың қалыптасуы әдетте екі негізгі факторға байланысты: ресми жұмыстың болмауы немесе кірісті әдейі жасыру болып табылады.

2025 жылы борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында әкімдіктермен бірлесіп 645 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, нәтижесінде 6,5 мыңнан астам алимент бойынша борышкер жұмыспен қамтылды. Алимент төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға заңмен қарастырылған барлық мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады. 4824 борышкер әкімшілік, 380-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған.