Бұл шаралар каналдардың су өткізу қуатын арттырып, суармалы жерлерге су жеткізуді жақсартуға бағытталған.
«Қазсушар» РМК техника паркін ауқымды жаңарту каналдарды тазалау қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпорын теңгерімінде 2100-ден астам арнайы техника бар. Былтыр Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен 576 техника сатып алынды. Ал тарифтік қаражат есебінен 135 техника алынды. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.