Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 110 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 136,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 7 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 463,3 млн теңге төленді.
Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр.
2026 жылғы 1 сәуірдегі деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 723 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 065 құқықбұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 1 735, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 305, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 25.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.