Төлем мөлшері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген: алтын медаль үшін – 130 млн теңге, күміс медаль үшін – 78 млн теңге, қола медаль үшін – 39 млн теңге. Сондай-ақ 4-6 орын алған спортшыларға 2,5 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін сыйақы төленді.

Сурдлимпиадаға 81 елден шамамен 3 мың спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы спорттың сегіз түрі бойынша өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 9-орын алды. Ел қоржынына 25 медаль түсті: 8 алтын, 4 күміс және 13 қола.

Төлемдерді жүзеге асыру туралы шешім спортты мемлекеттік деңгейде жүйелі қолдаудың бір бөлігі және жоғары жетістіктер спортын одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған.