Арнайы операция нәтижесінде 53 Украина азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекетте осындай бірлескен арнайы операцияларды өткізу жоспарланып отыр. 

Халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенцияларын ратификациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Дегенмен, интернет-алаяқтықты алдын-алудың негізгі құралы – азаматтардың өз әрекеттері. Яғни, әр-бір азамат күнделікті өмірде қарапайым кибергигиенаны сақтап, қауіпсіздік шараларын қолдануы тиіс. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды: банктік карталарыңыздың деректерін, парольдер мен СМС-кодтарды ешкімге айтпау керек, бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпай, күдікті сілтемелерге өтпеу керек, жақсы қолайлы болып көрінетін кез келген ұсыныстарды сыни тұрғыдан бағалап, сайт, биржа немесе инвестициялық компания «өте тиімді» ұсыныс жасаса, бұл жалған болуы мүмкін», – деді спикер.

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операцияларды жүргізбейтінін ескертті.