Оның айтуынша, ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде 5,7 мың өтініш немесе 25% құзыреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді. Бүгінгі күні 2,5 мың өтініш немесе 11% қаралуда не өтініш берушілермен кері қайтарып алынды.

«Ағымдағы жылдың І тоқсанында аумақтық департаменттермен кәсіпкерлік субъектілеріне 308 тексеру жүргізілді. Мемлекеттік бақылау нысандарының ең көп саны Астана және Алматы қалаларында, Түркістан облысында, Алматы облысында жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 12 млн теңгеге 430 әкімшілік іс қозғалды. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 3 айында жалпы сомасы 405 млн теңгеге тұтынушылардың құқықтары (қайтару, айырбастау, ауыстыру) қорғалды», – деді спикер баспасөз конференциясында.