«Осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша «тұтынушыларға кемінде 5 млн теңге қайтарылған қаражат сомасы» критерийі бойынша жалпы сомасы 190 млн теңгеге 18 тұтынушының (қайтару, айырбастау, ауыстыру) құқықтары қорғалды. Ал «Бір мәселе бойынша құқықтары қорғалған тұтынушылар саны – 5 және одан көп» критерийі бойынша 6 резонанстық іс қаралып, 31 тұтынушының құқықтары қорғалдып, 4,2 млн теңге өтелді. Сонымен қатар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда бір мәселе бойынша тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау жөніндегі сотқа жүгіну» критерийі бойынша 3 резонанстық іс бойынша 1,8 млн теңге сомасына 44 тұтынушының құқықтары қорғалды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.