Байқау барысында қатысушылар өнеркәсіптік дизайн саласындағы кәсіби құзыреттерін, инновациялық ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын сынады. Нәтижесінде Дарья Мельник І орынды иеленіп, халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды. Студентті жарысқа Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Борис Григорьев дайындады.

Қазақстандық студенттің бұл жетістігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен отандық жастардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Сонымен қатар еліміздің WorldSkills қозғалысындағы әлеуетін айқындап, қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігі әлемдік деңгейде жоғары бағаланатынын дәлелдеді.