Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 700 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді, бұл жоспарланған 2,2 млн гектар көлемнің 31,8%-ын құрайды.

Өңдеу жұмыстарын жүргізуге 236 бірлік мамандандырылған бүрку техникасы жұмылдырылды. Жұмыстардың орындалу қарқыны Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында жоғары деңгейде байқалуда.

Мониторинг нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелген жоқ. Республика аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторингтік зерттеулер мен химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.