«Үміткерлер талантты, белсенді, шығармашыл, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ түрлі салаларда қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары болуы керек», – деді спикер.

Әр жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері – еліміздің асқақ туын әлемге желбіретіп танытқан спортшы Дастан Сатпаев, өнер саласында өзіндік орны бар Димаш Құдайберген және тағы да басқа өнерлі жастар болды. Бұл аталған жастар «Дарын» сыйлығы лауреаттардың аз ғана бөлігі.

Ағымдағы жылы 17 маусымда «Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Толық ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында (mki.gov.kz) қол жетімді.