«Біз Қазақстанда 2 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатырмыз. Дәл қазір тарихи жаңа кезеңнің басталуына куә болып отырмыз. Мен Қазақстанға соңғы 13-14 жыл бойы келіп жүрмін. Ел дамуы мені тәнті етеді. Мәдениет саласы барлық деңгейде жетіліп келе жатыр. Енді Euronews 14 тілде хабар таратады. Бұл тізімге қазақ тілі еніп отыр. Көрермен бізді интернет арқылы, телеарнада ағылшын, француз, португал, орыс тілдерінде қараған. Ал, енді қазақ тілінде қарайды. Біз қазақ тілін халықаралық тіл деп танимыз. Қазақ тілін әлемге паш етпекшіміз», – деді спикер.

Сондай-ақ Педро Варгас Давид ел халқын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, бұл демократияның нағыз айқын көрінісі екенін ерекше атап өтті.