Вице-министрдің айтуынша, жаңа Конституция ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің, ұлттық мәдениет пен отбасын қолдаудың кепілдіктерін күшейтті. Сондай-ақ алғаш рет волонтерлік қызметке конституциялық деңгейде қолдау көрсетілді.
«Алайда ең маңыздысы – жұмыс жүргізу философиясының өзі өзгеріп келеді. Біз жастарды қолдау саясатынан мүмкіндік жасау саясатына көштік. «Жастар үшін» қағидатынан «жастармен бірге» қағидатына бет бұрдық», – деді Евгений Кочетов.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өзекті зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандық жастардың 82,7%-ы ел болашағына алаңсыз, сеніммен және оптимизммен қарайды.
«Бұл – қоғам үшін үлкен капитал. Алайда біздің міндетіміз - осы оптимизмнің нақты өмірлік мүмкіндіктермен нығайтылуын қамтамасыз ету: сапалы білім алу, лайықты жұмыс табу, баспана алу, өз ісін ашу, талантын жүзеге асыру және мемлекет тарапынан қолдау табу», – деп атап өтті вице-министр.