«Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялауға болмайды. Мұндай сауалдарды дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге де тыйым салынады», – деді спикер азаматтарды заңды сақтауға шақыра отырып.

Бас Прокуратура өкілі дауыс беруді өткізу мәселелеріне қатысты өтініштерді соттар мен прокуратура органдары бүгін дереу қарайтынын атап өтті.

«Осы сағатқа прокуратура органдарына жаңа өтініштер және соттарға талап қою арыздары түскен жоқ. Жалпы, қазіргі уақытта дауыс беру құқықтық алаң шеңберінде өтуде», – деді Е.Жанпейсов.