«Жалпы, біздің миссия дауыс беру процесін бақылау үшін 32 сайлау учаскесінде болды. Бақылау барысында миссия ешқандай заң бұзушылықты немесе сайлау учаскелерінің қызметіне араласу фактілерін анықтаған жоқ. Сондай-ақ сайлау күні азаматтардың өз еркін білдіру бостандығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әкімшілік шаралардың қабылданғанын атап өтті», – деді спикер.
Нуру Гулиев миссия сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін елеулі заң бұзушылықтар тіркелмегенін де атап өтті.
«ҚР Құрылтай сайлауын бақылау жөніндегі халықаралық миссия сайлаудың ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық әрі жария түрде өткенін мәлімдейді. Біз бауырлас Қазақстан Республикасының азаматтарын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оның нәтижелері елдегі тұрақтылық пен дамуды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ түркі әлемімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге үлес қосады деп үміттенеміз», – деп қорытындылады Нуру Гулиев.