Осылайша тұрғындар тек жаңартылған ғимараттарға ғана емес, шығармашылықпен айналысуға, спортпен шұғылдануға, мәдени іс-шаралар өткізуге және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға арналған заманауи кеңістіктерге ие болды.

Соңғы төрт жылда «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен өңірде жалпы сомасы 20,7 млрд теңгеден асатын 25 қайырымдылық бағдарлама мен жоба жүзеге асырылды және іске асырылып жатыр.

Қордың су тасқыны кезеңінде көрсеткен көмегі де айрықша маңызға ие болды. «Бірлік» шағын ауданында зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлер салуға 5 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Мектептерді жабдықтауға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға 4 млрд теңгеден астам, модульдік спорт залдарын салуға 600 млн теңгеден астам, денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық ұйымдарды жарақтандыруға 7,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қазіргі таңда тағы бірнеше маңызды жоба аяқталу сатысында. Олардың қатарында Тайынша ауданының Чкалово ауылындағы оңалту орталығы, Петропавл қаласындағы 280 орындық балабақша және екі модульдік спорт залы бар.