Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты.

Жарыс қорытындысы:

1-орын – Рината Сұлтанова (36:23.72)

 2-орын – Чжан Хао (36:28.40)

 3-орын – Син Джиын (36:56.14)

Бұл – Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.