Алматы облысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 45 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында өңір басшысы Амандық Баталов мәлімдеді.

«Бүгінгі біздің мақсатымыз-мемлекет Басшысының Жолдауында белгіленген әртараптандырылған және технологиялық экономика құру. Облыс аграрлық бағыттан агро-индустриялық бағытқа біртіндеп көшуде, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87%-ға жетті. Бұл ретте трансұлттық компаниялардың 9 жобасы 4 мың жұмыс орнын аша отырып, 150 млрд теңге мөлшерінде жалпы инвестиция ретінде қомақты үлес қосуда», - деді облыс әкімі.

Трансұлттық компаниялардың 9 жобасының 3-уі іке қосылды («Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo»), іске қосылды, жыл соңына қарай Панфилов ауданындағы «SSA Фид Миллс» құрама жем зауытын пайдалануға беру жоспарланған. Оның өндірістік қуаттылығы - жылына 60 мың тонна өнім шығарады. Жыл сайын облыстағы алғашқы «Алацем» цемент зауыты миллион тоннадан астам құрылыс шикізатын шығаруға тиіс.

«Биыл жалпы құны 153 млрд теңге болатын 71 жоба іске асырылып, 3,5 мың жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн-нан асады. шикізаттық емес экспорт 6% өсіммен 406 млн, АҚШ долларына жетеді», - деді Баталов жоспарлармен бөлісе отырып.

Жалпы, Алматы облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 5 трлн теңгеден асатын 517 жоба бар.