15 тамызда елімізде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. ТЖ қызметінің өкілдері пешпен жылыту кезіндегі өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын түсіндіреді. Орталық коммуникациялар қызметінде жылыту маусымына дайындық барысы туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтып берді.

Оның мәліметінше, 10 мыңға жуық адамды қамтыған 556 жиын өткізілді. Жұмыс орындарында 9 мыңнан астам азаматты қамтыған 811 нұсқама беру ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, әсіресе жалғызбасты тұрғындарға және мүгедектерге баса назар аударылады. Осындай 120 мыңнан астам тұрғын үй есепте тұр. Әкімдік өкілдерімен бірге 45 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді. 200 мыңнан астам азаматқа нұсқаулық берілді.

Осындай кездесулер барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 60 мыңға жуық жағдайы анықталды. Оның төртен бірі сол жерде жойылды. Барлық дерлік бұзушылықтар электр желілері мен жылытқыштарды, сондай-ақ автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты болды.