2019 жылы 21 ауыл ауызсумен қамтамасыз етілді.

2019 жылы 205,4 шақырым желі салынды, 21 ауылдық елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесу аясында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы топтық су құбыры құрылысының 11 жобасы жүзеге асырылды. 2019 жылы Жамбыл, Павлодар, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 4 жоба пайдалануға берілді, құрылыс мерзімі ұзаққа созылған 2 жоба аяқталды.

Нәтижесінде, 205,4 шақырым желі салынды, 21 ауылдық елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілді және 39 мың тұрғын үшін сумен жабдықтау жақсартылды.

Алдағы екі жылда жалпы ұзындығы 1,2 мың шақырым болатын тағы да 6 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. 250 мың адам үшін сумен қамтамасыз ету жақсартылады.