2019 жылы 64 мың гектарға жуық орман отырғызылды.

Халық алдында есеп беру кездесуінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылы шамамен 64 мың гектар орман, 2018 жылы 52,7 мың гектар орман отырғызылғанын айтты.

Сондай-ақ, ведомство басшысы 4,6 мың гектар алаңда елорданың жасыл аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлады. Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыс орталықтарының айналасында осындай ұқсас аймақтар жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде жұмыс жобалары әзірленді. 2030 жылға қарай болжамды отырғызу алаңы 68 мың гектарды құрайды.