ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың ақпараты бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының 9 сұрпы мен будандары (бидайдың 5 сұрпы, жаздық арпаның 2 сұрпы, сояның 1 сұрпы және 1 күнбағыс) жасалып, мемлекеттік зерттеуге тапсырылды, 15,2 мың тонна жоғары сапалы бірегей және элиталық дәнді, майлы, азықтық дақылдардың тұқымдары өндірілді.

Барлығы 2019 жылы өсімдік шаруашылығын тұрақты дамыту үшін 297 инновациялық әзірлемелер (сұрыптар, технологиялар, әдістемелер және т.б.) жасалды. Мал шаруашылығын дамыту үшін қазақстандық ғалымдардың 188 әзірлемесі жасалды.