2019 жылы бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кірістер жоспары асыра орындалды

Мемлекеттік бюджет 101,2%-ға, республикалық бюджет – 100,6%-ға, жергілікті бюджет - 103%-ға. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халықпен есеп беру кездесуіне қатысушыларға мәлімдеді.

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 9,7 трлн теңгені құрады,бұл жоспарланған деңгейден 119 млрд теңгеге артық. Бұл ретте, республикалық бюджетке 7,1 трлн теңге түсті, ол жоспардан 43 млрд теңгеге артық және 2018 жылға қарағанда 1 трлн 276 млрд теңгеге артық.

«Кірістер өсімі салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту және оларды 916 млрд теңгеге цифрландыру, экономика мен негізгі экспорттық тауарлар бағасының - 359 млрд теңгеге өсуі есебінен қамтамасыз етілді, - деп хабарлады министр. - ҚР Қаржы министрлігі жұмысының басымдығы - 2025 жылы ЖІӨ-нің 25%-ға дейін салықтардың жиналуын арттыру».