2019 жылы халыққа 54 млн. астам мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, 2019 жылы онлайн-арналарды ескере отырып, электронды форматта 54 млн.астам қызмет көрсетілген.

ТЖ режимі кезінде азаматтарға 16 млн. астам электронды мемлекеттік қызмет көрсетілді (42500.enbek.kz порталысыз), электронды форматта күнделікті қызмет көрсету 3 есеге артты.

«Пайдаланушылары 1 млн. астам азамат болған жаңа мобильдік қосымшаны іске қосу арқасында халық сандық құжаттарды сақтауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта Парламент Сенатының қарауындағы «Цифрлық технологиялар туралы» жаңа заң шыққан соң, аталған құжаттардың мәртебесі құжаттардың қағаз түпнұсқаларына теңестіріледі, бұл қазақстандықтарға өзімен бірге құжаттарды алып жүру қажеттілігінен арылуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті А.Жұмағалиев.