2019 жылы суармалы жерлердің ауданы 66 мың гектарға ұлғайды.

2019 жылы 66 мың гектар алқаптағы су шаруашылығы инфрақұрылымы қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында халықтың алдында есептік кездесу өткізу аясында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, 3 жыл ішінде 6,7 мың километрден астам арна, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылыстары қайта жаңартылады. Бұдан басқа, 88 мың жұмыс орны, құрылыс кезеңінде - 11 мың жұмыс орны ашылады.

Мағзұм Мырзағалиев бұл жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасы 274 млрд.теңгені құрайтынын атап өтті.