2020 жылдан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу электрондық форматқа ауыстырылды.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, ШОБ субъектілеріне жататын коммерциялық ұйымдарды тіркеу бірнеше жыл бойы электрондық форматта жүзеге асырылады, ал тіркеу мерзімі 1 сағатты құрайды. 2020 жылдың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу электрондық форматқа ауыстырылды. Жыл сайын бұл қызметті 1200 заңды тұлға пайдаланды.

Сондай-ақ, заңды тұлғалардың ыңғайлылығы үшін «электрондық үкімет» порталында бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізудің хабарлама тәртібі енгізілді: заңды тұлғаның орналасқан жері ауысқан кезде; атқарушы орган (басшы); шаруашылық жүргізуші серіктестіктің қызмет түрі және жарғылық капиталын ұлғайту кезінде.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес жыл сайын тіркеуші органға 4.5 мың хабарлама келіп түседі.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізудің хабарлама тәртібін енгізу хабарламаны қағаз тасығыштарда беруді болдырмауға мүмкіндік береді, бұл тиісінше кәсіпкерлік субъектілерінің уақыты мен шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Бекетаев.