Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ақпараты бойынша, криминогендік жағдай көптеген бағыттар бойынша айтарлықтай жақсарды.

Жалпы, жыл басынан бері қылмыс саны 38% -ға қысқарды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық - 56%, тонау - 53%, ұрлық - 50%, бұзақылық - 45% төмендеді.

Кәмелетке толмағандар (-27%), бұрын сотталған (-33%), мас күйінде (-16%), сондай-ақ көшелерде (-39%) және басқа да қоғамдық орындарда (-38%) құқық бұзушылықтар аз болды. Көптеген қылмыстардың ашылу көрсеткіштері жақсарды.