2020 жылдың соңына дейін халықтың 99,3% интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтылатын болады.

Министр Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша жоба іске асырылуда, оның аясында 20 мың километрден астам оптика төселіп, 1250 ауыл қамтылады. Қазіргі уақытта интернет 747 ауылға тартылды, 2020 жылдың соңына дейін қалған 503 елді мекен Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ведомство басшысының айтуынша, ұялы операторлармен келісім бойынша 2020 жылдың соңына дейін 928 ауылда ұшқыр мобильді интернет пайда болады, олардың әрқайсысында 250-ден астам адам тұрады. Халық саны 50 және одан да көп адам болатын қалған 1178 ауыл (барлығы-127,2 мың адам, 0,7%) 2022 жылдың соңына дейін Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.