ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау бойынша қосымша шаралар аясында 2020 жылы 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы пайдалануға беріледі, бұл импорт үлесін 44% - дан 39% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 114 мың тонна сүт-шикізат өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық сүт-тауар фермаларының құрылысын іске асыру жоспарланған.

Ведомство басшысының мәліметінше, 100 мың бас ірі қара және 300 мың бас ұсақ мал сатып алуға шағын фермерлік шаруашылықтарды құру мен дамытуға қаржыландыру басталды. Ет өңдеу секторында жалпы қуаты 45 мың тонна болатын заманауи 3 ет өңдеу комбинаты іске қосылады.

Субсидиялау және несие беру механизмдерін жетілдіру аясында сүт өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі 65-тен 75% - ға дейін (1,7 млн.тонна) және ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі 48-ден 55% - ға дейін (172 мың тонна) ұлғайтылатын болады. Жоғарыда көрсетілген шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 2,6 трлн. дейін өсуі қамтамасыз етілетін болады.