2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдардың 310 сайты бірыңғай платформада біріктірілетін болады.

Есептік кездесу аясында халық алдында сөз сөйлеген Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, жасалып жатқан Мемлекеттік органдардың интернет-қорларының бірыңғай платформасы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің барлық бытыраңқы сайттарын бір терезеде біріктіруге мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл азаматтардың ақпаратқа жүз пайыз қолжетімділігін стандарттауға және қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың сайттарын сүйемелдеу мен қолдауға, сондай-ақ олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге пайдаланылатын бюджет қаражатын 2 млрд.теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.