Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 21% - ға ұлғайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Ведомство басшысының мәліметінше, мемлекет халыққа зейнетақы мен жәрдемақы түріндегі әлеуметтік төлемдердің 39 түріне кепілдік береді. Жұмыс істейтін азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 5 әлеуметтік тәуекел бойынша төлем алады.

Анықтама: 2019 жылы әлеуметтік төлемдерге 3,1 трлн.теңге бөлінді. Зейнетақы мен жәрдемақы 2,8 трлн астам сомаға 3,9 млн.теңге адам (халықтың 21%) берілді. Зейнетақы төлемдері – 2,2 млн. астам зейнеткер (шамамен 2,3 трлн. мемлекеттік жәрдемақылар, шамамен 1,7 млн.адам (570,5 млрд. теңге көлемінде). Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер шамамен 825,2 мың адамға жалпы сомасы 194,2 млрд. теңге.

«2020 жылы республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдерге 3,5 трлн теңге қарастырылған. Зейнетақылар мен жәрдемақылардың жалпы сомасы 3,4 трлн. астам 4 млн. адамға беру көзделген. Бұл 2019 жылғы ұқсас шығыстардан 21% – ға артық», - деп хабарлады Б.Нұрымбетов.

Министр атап өткендей, 2020 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері екі рет арттырылды. Осылайша, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақылар 7%-ға, базалық зейнетақылар 5%-ға ұлғайды. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының екі түрі де 5%-ға тағы көтерілді. Нәтижесінде, ынтымақты зейнетақы мөлшері жылдық мәнде 12% - ға, базалық зейнетақы мөлшері 10% - ға ұлғайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері жылдық мәнде 10% - ға ұлғайды: 1 қаңтардан бастап 5% - ға және 1 сәуірден бастап тағы 5% - ға.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңды іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мөлшері: еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда – 74,4 мың адам үшін 69% – ға, асыраушысынан айрылған жағдайда – 44,8 мың адам үшін 41% - ға, жұмысынан айрылған жағдайда 12,5 мың адам үшін 44%-ға ұлғайды.