Жаз ыстық болды. Өрттер саны артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл ауданы 50 гектардан асатын дала өрттері 2 есеге көп тіркелген. Негізінен Батыс Қазақстан облысының аумағы өртенді. 2019 жылмен салыстырғанда ормандар 20%-ға көп өртенді. Негізінен Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында. Тиісінше материалдық шығын да артты.

«Кейбір кемшіліктер анықталды, оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен, Орман шаруашылығы комитеті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және бөлімшелерімізді дер кезінде әрекет етуге тарту. Қазіргі кезде Атырау қаласында қамыс аймағындағы ірі өрт ошағы қалып отыр. Халыққа төніп тұрған қауіп жоқ. БАҚ-та түтін қалың, кейбір елді мекендерде тыныс алу қиындады деп жазады, сондықтан қосымша күш пен құралдарды жеткізудеміз, аз уақыттың ішінде өрт ошағын оқшаулау және жою үшін авиациялық техниканы қолданамыз», - деді ведомство басшысы.