Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 102,4%, республикалық бюджет 100,1%, жергілікті бюджет 108% орындалды. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер Комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындыларымен таныстыру барысында ведомство төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады.

Спикердің айтуынша, 2019 жылға қарағанда Комитеттің құзыретіндегі мемлекеттік бюджеттің кірістері пандемияға қарамастан іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды, республикалық бюджет 608 млрд теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 604 млрд теңгеге өсті.

«Республикалық деңгейдегі түсімдердің төмендеуі экономикада қалыптасқан жағдайға, сондай-ақ пандемияға қатысты шектеулерге байланысты болды», - деді М.Сұлтанғазиев.

Алдын ала деректер бойынша ЖІӨ 2,6%, тауар айналымы 14% төмендеді. Өткізу бойынша айналым 9,7%, оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша 25% азайды.