ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осылай деді.

Осы мақсатта 238 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 154 млрд 200 млн теңге, жерглікті бюджеттен 83 млрд 300 млн теңге қарастырылған.

«Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін 4 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. 350 жол жобасы іске асырылады, 31 мың адам жұмыспен қамтылды»,- деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

Сайранбек Бармақовтың айтуынша, бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың бойында қызмет көрсететін 1838 нысан бар. Олардың 929 ұлттық стандарттар талаптарына сай.